Қандай педагогтер аттестациядан босатылатыны белгілі болды

537

Елімізде қандай педагогтер аттестаттаудан босатылатыны және оларға жалақысына қоса қанша пайыз үстемақы беріледі? Көптің көкейінде жүрген бұл сауалға Оқу-ағарту министрлігінде жаууап берді.

Ведомство дерегінше, биылдан бастап кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар өндірістен тартылған педагегтерге аттестаттаудан өтпей «педагог – модератор»  біліктілік санаты беріледі. Сондай-ақ жалақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

Еңбек өтілі 10 жылдан асатын педагогтерге жалақыға 35% үстемақы төленіп, сарапшы санаты беріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінде айтылды.

Департамент директоры Ернат Жүнісовтің айтуынша, барлық қажетті кәсіби технологияларды меңгерген білікті маман даярлауда негізгі орын оқу шеберлері мен колледждің арнайы пән педагогтеріне тиесілі. Өйткені олар студенттерге білім беріп қана қоймай, дағды қалыптастыру үшін өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өндірістегі білгенін үйретеді. Сондықтан өндірістен тартылған педагогтер үшін осы шаралар қарастырылған.

«Колледждерде алғаш рет педагогикалық қызметке кіріскен және кемінде 2 жыл өндірістік өтілі бар мамандар тестілеуден өтпей-ақ «педагог» біліктілік санатын ала алады. Сонымен қатар өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары аттестаттаудан өту кезінде тестілеуден босатылады. Тек қызмет нәтижелерінің жалпы кешенді тексеруінен өтеді. Бұл өзгерістер колледж педагогтерін ынталандыратын болады және кадр даярлау сапасын арттырады»,– деді департамент директоры.

Сондай-ақ, зейнеткерлік жасына 4 жыл қалған педагогтер,  30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер бұрын берілген біліктілік санатын растаған кезде тестілеуден босатылатын болады

Алдыңғы пост
«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Келесі пост
Шымкентке бағыт алған әуе ұшағы Алматыда қонуға мәжбүр болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu