FlyArystan әуе компаниясының «Ақтау – Шымкент» бағытындағы ұшағы Алматыдағы әуежайға қонуға мәжбүр болды. Оған Шымкент әуежайындағы ұшу-қону жолағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары себеп болған.
Әуе компанияның баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, ұшақ Алматыға қонған соң 15 жолаушы борттан шығудан бас тартқан.
Осыған байланысты FlyArystan өкілдері полиция қызметкерлерін шақыруға мәжбүр болыпты.
«Бұл жағдайда рейстің кешігу себебі әуе компанияның кінәсінен болған жоқ. Әуе компанияның еш қатысы жоқтығына қарамастан, біз KС7578 «Ақтау – Шымкент» рейсінің жолаушыларына Алматыға ұшып келген кезде ыстық тамақ пен сусын бердік. Жолаушыларды түсіру кезінде 15 жолаушы әуе кемесінен түсуден бас тартты. Осыған байланысты полиция шақыруға мәжбүр болдық», – делінген мәліметте.