Мектеп оқушылары туристерге арналған қосымша ойлап тапты

410

Абай облысы Семей қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Нұрлыхан Маратов пен 8 сыныпта оқитын Темірлан Темірбаев туристерге арналған мобильді қосымша ойлап тапты.

«Мобильді қосымшаның атауы – Discover Abai. Біз жайлы саяхаттауға мүмкіндік береміз, әрі туристерге жаңа жерлер көріп, қазақ тілін үйреніп, жергілікті мәдениетпен танысуға көмек береміз», – дейді оқушы Нұрлыхан Маратов.

Айта кету керек, дәл осы қосымшаны оқушылар республикалық хакатонда қорғап, бас жүлде иеленді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазақ, орыс және ағылшын тілінде қолдану мүмкіндігі бар қосымшаға тіркелуге болады. Пікір қалдыру, кері байланыс, басқа профильдерді қарау мүмкіндіктері де қарастырылған. Туристерге ыңғайлы болу үшін қосымшаға карта орналастырылған. Пайдаланушы белгілі бір объектінің орналасқан жерін оның мекен-жайын басу арқылы біле алады. Туристер үшін қазақ тілі сабақтары, Абай облысынан шыққан белгілі тұлғалардың өмірбаяндары, ұлы Абайдың өлеңдері бар.

«Жобаның клиенттік бөлігі React Native кітапханасын қолдана отырып, JavaScript-те жасалған. Ал оның артықшылығы – JavaScript-тегі код Android Және iOS жүйелерінде жұмыс істейді. Яғни, әр амалдық жүйе үшін бөлек код жазудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, технологияның бұл жиынтығы жобаны масштабтауды және сынауды жеңілдетеді», – дейді  жоба авторларының бірі Темірлан Темірбаев.

Алдағы уақытта қосымша жетілдіріліп, барлық платформаларға жүктеледі дейді оқушылар.

Алдыңғы пост
Шымкентке бағыт алған әуе ұшағы Алматыда қонуға мәжбүр болды
Келесі пост
Шымкенттегі медициналық ұйымдарда Ашық есік күні өтіп жатыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu