5 адам көз жұмған жол апаты. «Shymkent bus» компаниясы лицензиясынан айырылуы мүмкін

285

Шымкентте 5 адам мерт болған автобус апатына қатысты жаңа дерек айтылды. Өздігінен қозғалып кетіп, қанды трагедияға себеп болған қоғамдық автобус тиесілі компания жолаушы тасымалдау лицензиясынан айырылуы мүмкін. Мұндай бастаманы полицейлер көтеріп отыр.

«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторында қамауда. Біздің тараптан Шымкент қалалық әкімшілігіне «Shymkent bus» фирмасын жолаушылар тасымалдау лицензиясынан айыру туралы ұсыныс жолданды»,-деді Шымкент қалалық Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Нұрдәулет Сүйеубеков.

Компанияны  лицензиясынан айыру не айырмау туралы мәселені қала әкімдігі қарайтын болады және шешімді 1 ай көлемінде шығаруы тиіс.

Еске салсақ, 8 сәуір күні кешкі сағат 18.30 шамасында «Метро» сауда үйінің жанындағы көшеде тоқтап тұрған №21 бағыттағы қоғамдық көлік жүргізуші басқаруынсыз кенеттен қозғалып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан аяқжолда тұрған 6 адамды қағып кетті. Оқиға орнында екі әйел мен бір жасөспірім мерт болды. Тағы екі адам ауруханада көз жұмды.

Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, жүргізуші автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткен. Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қоғамдық автобустың жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін автотехникалық сараптама тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Алдыңғы пост
Астанада жүкті әйел келіншекті гипноздап, бар ақшасын алып кеткен
Келесі пост
Ақтөбеде өз пәтерінде азаппен өлтірілген әйел мен баланың өлімі бойынша күдікті ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu