Астанада жүкті әйел келіншекті гипноздап, бар ақшасын алып кеткен

176

Астанада шетелдік азаматша жергілікті тұрғынды гипноздап, ақшасын алып кеткен. Полицияға шағымданған жәбірленушінің айтуынша, ол тапа-тал түсте алданып қалған.

Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ретінде алаяқ әйел анықталды. Ол Өзбекстан Республикасының 26 жастағы азаматшасы болып шықты және оның жүктіліктің жетінші айында екені белгілі болды. Алданған келіншек күндіз Тұран даңғылының бойымен келе жатқанда оған бейтаныс әйел жақындап, онымен сөйлесе бастағанын айтқан. Көз тиген деген сылтаумен ол тазартуды ұсынған. Содан кейін тазару жорасын жүргізген болып, алаяқтық жолмен 105 мың теңге көлемінде ақшасын иемденген. Бірақ көп ұзамай жүкті әйелдің алаяқ екенін түсінген елордалық дереу полицияға шағымданыпты.

Алаяқтық фактісіне қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның қазіргі уақытта елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр» делінген полиция мәліметінде.

Алдыңғы пост
Наурыз айында жаңа тұрғын үйді сату бағасы қымбаттады
Келесі пост
5 адам көз жұмған жол апаты. «Shymkent bus» компаниясы лицензиясынан айырылуы мүмкін

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu