Алименттен қашып жүрген әке ақыры қамауға алынды

346

Маңғыстауда алимент төлеуден жалтарып жүрген әке 7 айға қамауға алынды. Облыстық прокуратураның дерегіне сүйенсек, биыл жыл басынан бері 114 баланың құқығы қорғалып, 10 миллион теңге көлемінде алимент өндірілген. Бұдан өзге 11 борышкер әке жұмысқа орналастырылған. Ал 16 әкенің үстінен іс қозғалып, қылмыстық жаза қолданылыпты. Соның бірі 7 айға бостандығынан айырылды. Қазіргі таңда тағы 12 тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ведомстводағылар алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлермен жұмысты жалғастыратынын, ол үшін тиісті рейд өткізіліп тұратынын алға тартты. Сонымен қатар балаларына қарызы бар әкелерге шетелге шығуға, лицензия алуға, көлік құралдарын жүргізуге уақытша тыйым салынады.

Алдыңғы пост
Оқушы бала мектеп-интернатта тамаққа тұншығып қайтыс болды
Келесі пост
Шымкентте көшенің қақ ортасынан ер адамның мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu