382
Шымкентте отқа оранған пәтер ішінде 2 бала қалып қойған. Оқиға бүгін, 14 сәуір күні «Шымсити»-дегі көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде болған.
Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт орнына тез арада 3 өрт сөндіру техника мен жеке құрамнан 16 адам, апаттар медициналық ортағылығының қызметкерлері жіберілді.
«Оқиға орнына келгенде пәтердің ішінде көрпе төсектің жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілердің дер кезінде әрекет етуінің нәтижесінде 2 бала қауіпсіз аймаққа шығарылды. Өрт сағат 9.38-де оқшауланып, 9.43-те толығымен сөндірілді» делінген ТЖД мәліметінде.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі таңда мамандар өрттің шығу себебі анықтап жатыр.