Түркістан мен Жамбыл облыстарында жанармайды шетелге шығарған жүргізушілер анықталып жатыр

350

Жамбыл және Түркістан облыстарында 10 сәуірден бастап ішкі істер органдары көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, жанар-жағармайды елден тыс жерлерге әкетуге жол бермеу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Polisia.kz жазуынша, тәртіп сақшылары тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнату арқылы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу фактілерін анықтауға ерекше назар аударады. Бұл құқықбұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылады (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару).

Іс-шараның үш күнінде осындай құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 57 жүргізуші жауапқа тартылды. 21  әкімшілік материал бойынша көлік құралдарын одан әрі пайдалануға тыйым салынды.

Алдыңғы пост
Шымкентте синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күрес қалай жүргізілуде
Келесі пост
Шымкентте өртенген пәтер ішінде 2 бала қалып қойған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu