352
Түркияның Ыстанбұл қаласында Қазақстан азаматы жарақаттанды. Оқиға 18 сәуір күні көпқабатты тұрғын үйлердің арасында болған.
Отандасымыз жергілікті азаматтар арасындағы атысқа кездейсоқ тап болған. Ол өздігімен кетіп бара жатқанда оққа ұшқан. Қазақстан азаматының қасында әйелі болыпты. Жарақат алған отандасымыз Қазақстанның Ыстанбұлдағы бас консулдығына жарақат алғаны туралы өзі хабарлаған.
СІМ мәліметінше, Қазақстан азаматы дереу ауруханаға жеткізілген, жағдайы тұрақты. Оған операция жасалады деп күтілуде. Жарақат алған қазақстандық 2 жасар қызын емдету үшін Түркияға барған екен.
Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.