Ыстанбұлда өздігімен кетіп бара жатқан қазақстандық оққа ұшты

196

Түркияның Ыстанбұл қаласында Қазақстан азаматы жарақаттанды. Оқиға 18 сәуір күні көпқабатты тұрғын үйлердің арасында болған.

Отандасымыз жергілікті азаматтар арасындағы атысқа кездейсоқ тап болған. Ол өздігімен кетіп бара жатқанда оққа ұшқан. Қазақстан азаматының қасында әйелі болыпты. Жарақат алған отандасымыз Қазақстанның Ыстанбұлдағы бас консулдығына жарақат алғаны туралы өзі хабарлаған.

СІМ мәліметінше, Қазақстан азаматы дереу ауруханаға жеткізілген, жағдайы тұрақты. Оған операция жасалады деп күтілуде. Жарақат алған қазақстандық 2 жасар қызын емдету үшін Түркияға барған екен.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Алдыңғы пост
Оқушы қыздардың көзінше мастурбация жасаған Шымкент тұрғыны қамауға алынды
Келесі пост
Шымкентте Темірлан тас жолындағы айналма жол уақытша жабылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu