408
Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, А-2 Алматы айналма жолында “Алаш” базары маңында жерасты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы басталуда. Осыған орай, А-2 Алматы айналма жолы “Алаш” базары маңайы Темірлан тас жолы бағытында көлік қозғалысы үшін жартылай жабылатын болады.
Сала жауаптыларының айтуынша, айналма жол көлік қозғалысы үшін екі айға, яғни 20 сәуірден бастап 20 маусымға дейін жабық болады.