316
Ақтөбеде жеке тұрғын үйде өрт шығып, 4 және 10 жастағы екі баланың денесі табылды. Төтеншеліктердің мәліметінше, оқиға бүгін Жангелдин көшесі бойында орналасқан үйде таңға жуық уақытта болған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына барған кезде жеке үйдің ас бөлмесі және кіреберіс бөлмесі өртеніп, шатырға өткенін анықтаған. Өрттің ауданы – 40 шаршы метр.
«Өрт кезінде 2013 және 2019 жылы туған 2 баланың денесі табылды. 1954 жылы туған әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Үйде 5 адам болған. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр»,-делінген облыстық ТЖД мәліметінде.