370
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іске сот нүкте қойды. Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушы билік және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды (ҚК 362-б., 4-б.).
Сот үкімімен оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сотталушы 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.