313
Павлодар облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды. Оқиға кеше, 25 сәуір сағат 15:30 шамасында Астана-Павлодар тас жолының 1207/142 шақырымында орын алған. Екібастұз қаласы Бәйет ауылының маңында Hyunday Solaris автокөлігін тізгіндеген 47 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, Daimler Chrysler жүк көлігінің тіркемесінің артқы бөлігіне соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Hyunday көлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Ал 16 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.