343
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы өсті. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросындағылар ұсынды.
Ресми мәліметке сүйенсек, 2022 жылы халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құрады. Осылайша көрсеткіш бір жылдың ішінде бірден 4,2 жасқа өсті. Айта кетейік, 2020-2021 жылдары өмір сүру ұзақтығы көп жылғы өсімнен кейін алғаш рет төмендеген болатын, тиісінше 71,3 және 70,2 жас.
Гендерлік тұрғыдан алғанда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 78,4 жасты құрады, 2021 жылы 74 жас болған. Ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,2 жасқа дейін өсті, бұған дейін соңғы 5 жылда ол 68,8 жас деңгейінен көтерілмеген болатын.
Өңірлік бөліністе Алматы қаласында өмір сүру ұзақтығы ең жоғары – 77,3 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 71,4 жас.