Жас жігіт 20 мың теңгелік жалған ақшаны принтерден басып шығарып келген

320

Қызылордалық тұрғын 20 мың теңгелік жалған купюраларды басып шығарды деген күдікке ілінді. Жалған банкноттарды сақтау және бірнеше рет өткізу фактісімен анықталған қылмыстық істің тергеуін Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті аяқтап, іс материалын сотқа жолдады.

«Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны номиналы 20000 теңгелік бірнеше банкноттарды сақтағаны және оларды жанар-жағар май құю бекеті мен автобөлшектер сататын дүкенге өткізгені үшін айыпталды. Ол заттар сатып алып, құны 20000 теңгелік банкнотты өткізе отырып, қайтарымына ҚР Ұлттық банкінің түпнұсқа банкноттарын алып отырған.  Азамат өз  кінәсін толық мойындады» делінген агенттік мәліметінде.

Криминалист мамандардың зерттеуі барысында өткізілген банкноттардың Ұлттық банктің ақша белгісіне сәйкес келмейтінін және ақшалардың принтерде басып шығарылғандығы  анықталды.

Айта кетейік, ҚР ҚК-да бұл қылмыс үшін бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы түрінде жауаптылық көзделген.

Алдыңғы пост
Шымкентте ҰОС ардагерлері 1,2 млн теңгеден алатын болды
Келесі пост
Шымкентте биыл жөнделетін магистралды көшелер тізімі шықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu