Шымкентте биыл жөнделетін магистралды көшелер тізімі шықты

240

Шымкентте биыл 20 магистралды көше мен Қонаев даңғылында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен есептік кездесу кезінде айтылды. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен биылғы жоспардың орындалу барысы баяндалды.

Шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұылының тапсырмасына сәйкес, жыл басында қала аумағындағы жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасалған болатын. Талдау нәтижесінде жөндеуді қажет ететін 20 магистраль көшеге биыл орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жыл соңына дейін жөндеуден өтетін көшелер тізімін ұсынды. Олар:

1. Д.Қонаев даңғылы;

2. Тәуке хан көшесі (Сайрам көшесінен “Корпарация Береке” ЖШС базасы маңындағы айналма жолға дейін);

3. Қазыбек би көшесі;

4. Желтоқсан көшесі (Бейбітшілік көшесінен Қонаев даңғылына дейін)

5. Назарбеков көшесі;

6. Аймауытов көшесі;

7. Көшеров көшесі;

8. Тыныбаев көшесі;

9. Қабанбай батыр көшесі (Ордабасы алаңынан ТЖ вокзалына дейін);

10. Анаров көшесі (ТЖ вокзалынан Жансүгіров көшесіне дейін);

11. Жансүгіров көшесі;

12. Абай даңғылы;

13. Исмайлов көшесі (Рашидов көшесінен Қорғасын айналмасына дейін);

14. Алпысбаев көшесі;

15. Еділбаев көшесі Ақжайық ш/а;

16. Пазиков көшесі Шапағат ш/а;

17. Измир көшесі;

18. Шанин көшесі;

19. Байтіленов көшесі;

20. Үркімбаев көшесі;

21.Орынбаев көшесі.

Бұған дейін қалада шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес сауда орындарының аумағындағы автотұрақтарды ретке келтіру бойынша жаппай мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатқан болатын. Бұл жұмыстардың мақсаты – көлік кептелісін азайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту, сауда орындарының алдына автомобильдер тұрақтау үшін автотұрақ ұйымдастыру және тиісті жол белгілері мен бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарын үйлестіру.

Қазір халық көп шоғырланатын Айна, Акбар, Алаш, Авто Нұр, Қырғы базарларының аумағына аяқжолдар салынуда. Бұл шаралар мұндағы ретсіздіктерді қалпына келтіріп, тұрғындардың жүріп-тұруын оңтайландырады.

Бейнебақылау камералары демекші, цифрлық дәуірде инфрақұрылымды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласында биыл 1500 дана бейнекамера орнату көзделген. Оның 500-і жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, 2024 жылы қала көшелеріне 2000 дана бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып отыр.

Алдыңғы пост
Жас жігіт 20 мың теңгелік жалған ақшаны принтерден басып шығарып келген
Келесі пост
Шымкент дәрігерлері сол дүниеден 52 жастағы азаматты қайтарды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu