Прокурорға пара берген казино заңгері сотталды

270

Ақмола облысында казиноның заңгеріне сот үкімі шықты. Бурабай аудандық сотының үкімімен  ол елеулі мөлшерде пара бергені үшін сотталып, оған жиырма есе мөлшерде айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 184,5 млн теңгені құрайды.

Ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметін тексеру нәтижелерін оң шешкені үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, сотталушы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
Келесі пост
Елімізде әуе көлігін таңдайтын жолаушылар саны артқан

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu