Елімізде әуе көлігін таңдайтын жолаушылар саны артқан

178

Қазақстанда әуе көлігімен ұшқан жолаушылар саны артты. Ағымдағы жылдың І-тоқсанында ұшақпен тасымалданған жолаушылар саны 2 724 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы тиісті кезең көрсеткішінен 39,5%-ға артық. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросындағылар ұсынды.   

Айта кетейік, жолаушылар таңдаған ең танымал бағыт – Алматы қаласы болды. Онда 893 мың жолаушы тасымалданған. Одан кейін жолаушылар елордаға жиі ұшқан – 722 мың жолаушы, үшінші танымал бағыт Шымкент қаласы – 268 мың жолаушы.

Әуе көлігімен тасымалдаудан түскен кіріс бірінші тоқсанда 151 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге көбейді.

2023 жылдың наурызымен салыстырғанда сәуір айында әуе сапарларының бағасы 17,7% – ға қымбаттаған.

Алдыңғы пост
Прокурорға пара берген казино заңгері сотталды
Келесі пост
Шымкентте басқарма басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu