Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 6506 әскерибөлімінің әскери қызметшілері Шымкентқаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіпжүріп, жоғалған баланы тауып анасына табыстады.
Оқиға ағымдағы жылдың 6 мамыр күні сағат20.00 шамасында орын алған. Қалада қоғамдықтәртіпті қамтамасыз етіп жүрген ұландықтарғаШымкент қаласының «А» есімді тұрғыны келіп, үйінің ауласында ойнап жүрген 3 жасар баласынан көз жазып қалғанын айтып, сыртқы киім үлгісінбейнелеп береді. Осындай ақпаратты естіген әскери жасақ кезекшісі капитан Қуанышбек Асқаров барлық әскери жасаққа бағдарды жеткізіп дереуіздеуге кіріседі.
Араға он минут салып оқиға орнынан 3 шақырым жерде өздерінің жауынгерлікқызметтерін атқарып жүрген әскери жасақкезекшісі капитан Қуанышбек Асқаров, жасақ бастығы қатардағы Жұлдызұлы Әлфараби, патрульші қатардағы Ернұр Еркебұлан мен Рахымұлы Әділет №17 мектептің маңынан бағдарда бейнеленген балаға ұқсас бүлдіршінді байқайды. Қасына келіп сұрау жұмыстарынжүргізгенде, баланың адасып кеткенін анықтап, білген.
Әскери жасақ баланың анасына хабарласыпұлының табылғаны туралы хабар береді. Оқиға орнына жылдам жеткен баланын анасы ұлын көріп қатты қуанып, ұландықтарға шексіз алғысын білдірді.