397
Атырауда жергілікті журналист Виктор Сутягиннің көлігін белгісіз адам өртеп кеткен. Оқиға Наурызалиев көшесі бойындағы үй жанында болған. ІІМ Telegram-каналының жазуынша, 11 мамыр күні сағат 04:21 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының автопатрульдік экипажы өртеніп жатқан Lexus RX-300 автокөлігін көрген. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жіберілді. Жарылыс белгілері табылған жоқ.
«Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Болған оқиғаның себеп-салдарлары анықталып жатыр. Жәбірленушінің өтініші ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелді» делінген мәліметте.