Атырауда белгісіз адам журналистің көлігін өртеп кетті

196

Атырауда жергілікті журналист Виктор Сутягиннің көлігін белгісіз адам өртеп кеткен. Оқиға Наурызалиев көшесі бойындағы үй жанында болған. ІІМ Telegram-каналының жазуынша, 11 мамыр күні сағат 04:21 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының автопатрульдік экипажы өртеніп жатқан Lexus RX-300 автокөлігін көрген. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі жіберілді. Жарылыс белгілері табылған жоқ.
«Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Болған оқиғаның себеп-салдарлары анықталып жатыр. Жәбірленушінің өтініші ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелді» делінген мәліметте.

Алдыңғы пост
Шымкентте қаланың ең бұқаралық спорттық шарасына дайындалуда
Келесі пост
Автобус жүргізушілері 900-ге жуық жол ережесін бұзған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu