303
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қамауға алынған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовке қатысты пікір білдірді. Айта кетейік, бұрынғы төрағаның ұсталғаны туралы ақпарат кеше бірқатар БАҚ-та жарияланды.
Ведомство мәліметінше, ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінген.
«Күдікті Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы туралы ақпарат тексерілуде» делінген ресми мәліметте.