Антикор қамауға алынған Абылай Мырзахметовке қатысты пікір білдірді

183

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қамауға алынған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовке қатысты пікір білдірді. Айта кетейік, бұрынғы төрағаның ұсталғаны туралы ақпарат кеше бірқатар БАҚ-та жарияланды.

Ведомство мәліметінше, ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінген.

«Күдікті Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы туралы ақпарат тексерілуде» делінген ресми мәліметте.

Алдыңғы пост
Автобус жүргізушілері 900-ге жуық жол ережесін бұзған
Келесі пост
Шымкент әкімі қаланың үш ауысымды мектептер мәселесін өз бақылауында ұстайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu