391
Қазақстанда 15 пен 34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1% құрады. Жұмыс істемейтін және біліммен немесе кәсіптік оқумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 7,9% (422 мың адам) құрады. Былтырғы жылдың тиісті тоқсанында бұл көрсеткіш 6,7% болған. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросындағылар ұсынды.
Айта кетейік, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылған болатын.