Үйінде есірткі сақтаған ер кісі 7 жылға сотталуы мүмкін

379

Аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған Тараз тұрғыны 7 жылға дейін бас бостандығынан  айырылуы мүмкін. Оны облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. 33 жастағы тұрғынды тінту кезінде”каннабис шайыры” есірткі затының 44 бумасы тәркіленді. Ал тұрғын үйді тексеру барысында “Малыш” атты қызметтік-іздестіру итінің көмегімен оның ас үй бөлмесіндегі газ плитасының астынан есірткі заты оралған 2 бума табылды.

Тәркіленген “каннабис шайыры” есірткі затының жалпы салмағы 628 грамнан асады.

«Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге  бас бостандығынан айыру түріндегі жаза  қарастырылған» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаған браконьерлер ұсталды
Келесі пост
Ақшадан қысылған жас жігіт дүкеннен ет ұрлап кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu