Сарыағашта ішімдікке сылқия тойып алған ер кісі ауылдасының көлігін өртеп жіберді

368

Түркістан облысының тұрғыны ауылдасының көлігін өртеп жіберген. Жәбірленушінің айтуынша, ауылдасы күндізгі уақытта үйінің алдында тұрған ВАЗ автокөлігін заңсыз айдап кетіп, артынан өртеп жіберген. Оқиға Сарыағаш ауданында болған. Келтірілген шығын көлемі – 1,5 млн теңге.

Polisia.kz  жазуынша, аталған жайт ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқықтыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркелді. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталды. Белгілі болғандай, күдікке ілінген ер адам жәбірленушімен бұрын араздасып қалғаны есіне түсіп, мас халде оның автокөлігін ұрлап әкеткен. Кейін өртеп жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Алдыңғы пост
Елімізде NEET санатындағы жастардың үлесі артты
Келесі пост
Шымкентте 9,5 мыңға жуық отбасыға АӘК тағайындалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu