Үшінші мегаполисте тасқын судың алдын алу бойынша тиісті шаралар пысықталды

251

Шымкентте толассыз жауған нөсер жауыннан су қоймалары 70%-ға толды. Осыған орай, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тасқын судың алдын алуға қамданып, жоспарлы жұмыстарды күшейтті. Нақтырақ айтар болсақ, құтқарушылар жыл басынан бері тікұшақпен 3 рет әуеге көтеріліп, барлау жүргізген. Мониторингтік бақылау нәтижесі көрсеткендей, әзірге су айдындары мен қаупі жоғары аймақтарда жағдай тұрақты. Тек гидротехникалық 10 құрылыс нысанының бірі күрделі жөндеуді қажет етеді. Сала мамандары техникалық тексерістен соң Ақжар су қоймасын жөндеуге бюджеттік өтінім жолдаған. Сонымен қатар, қала аумағындағы жаңбырдың салдарынан орын алған су басуға байланысты Шымкент қаласы төтенше жағдайлар  департаментінің Дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.

Сондай-ақ өткен аптада жауған жауын-шашын салдарынан 50 учаскеде су басу қаупі байқалғанын хабарлады. Ондағы ирригациялық жүйелер уақытылы тазаланбай, су сыйымдылығы азайған. Тиісті мамандарға ескерту жасалды.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары,  Жәнібек Кәрімбаевтың айтуынша, қаланың 4 су қоймасындағы судың деңгейі 5%-тен 70% толып тұр. Қалаға үлкен су келуі мүмкін деген ақпарат түскен. Өйткені Қазгидрометтің болжауы бойынша Түркістан облысы, Төле би ауданында таулы қатпарларға қар көп түскен және күн күрт жылығаннан кейін тез еруі мүмкін. Содан кейін үлкен су келу деген қауіп болғандықтан, тікұшақпен бүкіл қаламыздың аумағын аралап шықтық. Бүгінгі таңда айтатын болсақ, қалада су басу қаупі жоқ.

Қала аумағында 10 гидротехникалық құрылыс бар (4-су қойма, 3-гидроторап, 2-канал, 1-су жинағыш), оның тоғызы жарамды, бір гидротехникалық құрылыс (Ақжар су қоймасы) жөндеуді қажет етеді. Авариялық және иесіз гидротехникалық құрылыс  жоқ.

Қала аумағында ұзындығы 56 шақырым құрайтын   12 канал қоқыстан тазаланды. Жалпы 339 ирригациялық жүйелері  тазаланды. Сонымен қатар, су тасқыны кезеңінде халықты дер кезінде хабардар ету мақсатында Департамент СМС хабарламалар, цифрлық  26 теле және 3 радиоарналарды ұстап алу құралдары арқылы дауылды ескертулерді үнемі жариялап отырады

Ақпан айында және 12 наурызда (2-4, 16-17 ақпан күндері) жауған жаңбырдың салдарынан Департамент және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көшелердегі су басуды жоюға 100 астам бірлік техника, 400 астам жеке құрам және 78 мотопомпа жұмылдырып, орындарда 154 рет су сору жұмыстары жүргізілді. Жалпы 11 500 текше метр су шығарылып, 2000 дана құмдалған қап қойылды. Үйлерге су кіру фактілері тіркелген жоқ.

Алдыңғы пост
Мемлекеттiк баждың төленген сомаларын қайтару ерекшеліктері
Келесі пост
Шымкентте жақын арада тозығы жеткен үйлер қиратыла бастайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu