Шымкентте даму кемістігі бар балаларға арналған алғашқы ерте араласу орталығы ашылды, деп хабарлайды ELITAR.KZ.
“Қамқорлықк” ерте араласу орталығы нейро-ортопедиялық аурулары бар, оның ішінде церебральды сал ауруы бар балаларды оңалтуда үздік отандық және әлемдік әдістемелерді жинақтауға арналған.
Оңалту орталығы қызметінің негізгі түрі дамудың ерте кезеңдерінде (3 айдан 3 жасқа дейін) балаларға кешенді оңалту көмегі болады.
Орталықтың ашылуына арналған іс-шараға мамандандырылған орталықта емделіп жатқан ата-аналар мен балалар жиналды.
Қала басшысы Мұрат Әйтенов жиналғандардың барлығын ерте араласу орталығының ашылуымен құттықтады.
“Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған “Қазақстан Халқына” Қоғамдық қорының қолдауымен қаланың №2 оңалту орталығында “Қамқорлық”ерте араласу бөлімшесі ашылуда. Баршаңызды орталықтың ашылуымен құттықтағым келеді. Бұл біздің қаламыздың инновациялық орталығы. Оңалту орталығын ашудағы басты мақсатымыз-Мүмкіндігі шектеулі балаларымыздың белсенді өмірге бейімделуіне және өздерін қоғамның толыққанды мүшелері ретінде сезінуіне ықпал ету. Мұнда нейро-ортопедиялық аурулары, церебральды сал ауруы бар балалар заманауи әдістермен емделеді. Мамандар әр баланың ауру тарихын ескере отырып, жеке бағдарлама аясында ем жүргізуде”, – деді Шымкент әкімі
Бөлімше ауысымына 50-ге дейін баланы қабылдауды жоспарлап отыр, оңалту курсы 21 күнтізбелік күнді құрайды.
Балаларда әр 2-3 ай сайын оңалту мүмкіндігі болады, бұл балаларда церебральды сал ауруының даму қаупін азайтады, қалпына келтіру емінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Орталықта кадрларды кәсіби даярлауға да ерекше көңіл бөлінеді.
“Балаларды невропатологтар, реабилитологтар, ЕДШ нұсқаушылары, ортопедтер мен педиатрлар, сондай – ақ педагог-дефектологтар, логопедтер, кәсіптік терапевттер, балалар психологтары кіретін мамандардың көпсалалы тобы бақылайды. Сондай-ақ, “қамқорлық” орталығының қолдауымен Шымкент ерте араласу орталығының 20 маманы оқудан өтті”, – дейді ерте араласу орталығының бас дәрігері Айгүл Сапарғалиева
Орталықта ЕДШ, механотерапия залдары заманауи жабдықтармен жабдықталған (“Бобот” функционалды дивандары, позицияны емдеуге арналған жұмсақ Модульдер, төсеніштер, роликтер, бұрыштар, иппотренажер, “Мотомед” тренадері, “Атлант” пневмокостюмдері, “Корвит” аппараты, вертикализаторлар, компьютерлік-ойын тренажерлері). Су емдеу жабдығы – “Посейдон” құрғақ флоатинг ваннасы орнатылды. Аудиометрия аппаратын сатып алу жоспарлануда, оның көмегімен ерте жаста есту қабілетінің бұзылуын анықтауға тексеру жүргізіледі.
Дефектолог мамандардың кабинеттерінде әр түрлі оқу құралдарынан, панельдер мен ойыншықтардан басқа интерактивті сенсорлық үстел бар, онда жас балаларға арналған 150-ден астам білім беру ойындары бар. Кәсіби терапия залы Мария Монтессори әдістемесі бойынша ойыншықтар мен құралдардың барлық түрлерімен жабдықталған.
Аталған орталықтың ашылуы оңалтумен қамтуды жылына 600 балаға дейін ұлғайтуға және неврологиялық патологиясы бар балалар арасында мүгедектікті 40% – ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, қалада тағы бір Qamqorlyq орталығы ашылды. Онда балалар бейімделуден өтеді.