Атырау әуежайына айыппұл салынды

201

Атырау әуежайы жолаушыларға сапасыз қызмет көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетіндегілер хабарлады.

Ведомство қолданыстағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін азаматтық авиация субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.

“Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ жерүсті қызмет көрсету қызметтерінің (жұмыстарының) сапасын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде өткен жылдың 27 желтоқсанында 2021 жылы инспекциялық тексеру қорытындылары бойынша анықталған ескертулерді орындау және жою бойынша Атырау әуежайына жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізген.

Қорытынды тексеру барысында жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететін бұзушылықтар (жолаушылар лифтінің болмауы, жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін шарттардың заңнамалық талаптарға сәйкес келмеуі) анықталған. Сондай-ақ 2021-2022 жылдарға арналған түзету іс-қимылдары жоспарының орындалмау фактісі тіркелген.

«Тексеру нәтижелері бойынша инспекторлық нұсқама жазылып, орындалу мерзімі 1 ай болатын анықталған ескертулерді жою жөніндегі іс-қимыл жоспары жасалды. Алайда  анықталған ескертулер мерзімінде жойылмағандықтан, “АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдау” АҚ-на инспекторлық нұсқаманы орындамағаны және қолданыстағы заңнаманы  сақтамағаны үшін 500 АЕК (1 725 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды» делінген Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.

Алдыңғы пост
Шымкентте “Қамқорлық” ерте араласу орталығы ашылды
Келесі пост
Шымкенттік дәрігерлер уланған науқастарды ерекше құрылғымен емдеп жүр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu