Қазіргі уақытта қаланың 81 елді мекенінің 78-і ауыз суды үздіксіз алады. Бүгінде су құбыры Қайнарбұлақ, Сайрам, Еңбекші аудандарының жаңа құрылыстарында жүргізілуде. Жыл соңына дейін онда тұратын 72 мыңға жуық отбасы сапалы ауыз суға қол жеткізе алады. Нәтижесінде қала тұрғындарын сумен қамтамасыз ету 100% – ға жетеді, деп хабарлайды Шымкент панорамасы.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке барлық қазақстандықтарды ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын еске салды.
Үкімет бұл тапсырманың орындалуын ерекше бақылауға алуы тиіс, деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу барысында Үкіметке барлық қазақстандықтарды ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын еске салды.
Мемлекет басшысы үш жыл ішінде ауылдарды таза сумен қамтамасыз ету деңгейі 55-тен 94% – ға дейін өскенін атап өтті. Ол Үкіметке Павлодар облысындағы сумен қамтамасыз ету жобаларына қаражат бөлуді тапсырды.
“Жалпы, таза су еліміздің барлық елді мекендерінде болуы тиіс. Өткен жылғы Жолдауда мен бес жыл ішінде қалалар мен ауылдарды жүз пайыз сумен қамтамасыз етуді тапсырдым. Үкімет бұл тапсырманың орындалуын ерекше бақылауға алуы тиіс”,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Биыл Шымкент қаласының Курсай елді мекенінде ауыз сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Қазір жұмыстың 80 пайызы орындалды, 270 шақырым су құбыры салынды.
Жалпы, Шымкент қаласының 81 елді мекенінің 78-і 2022 жылға сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Ал қалған үш елді мекенде, атап айтқанда Курсай, Сайрам және Қайнарбұлақта ауыз су кесте бойынша беріледі. Мәселені толығымен шешу үшін биыл 7 нысанда құрылыс жүргізілуде. Бұл-Құрсай (1 – ші, 2-ші кезек), Асар-2 (2-ші кезек), Текесу, Қайнарбұлақ, Еңбекші ауданының жаңа құрылыстары және Нұртас шағын ауданындағы су резервуары.
Олардың ішінде жыл соңына дейін Нұртас шағынауданындағы Курсай, Асар-2, Текесу елді мекендерінде және су резервуарында құрылыс жұмыстары аяқталады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші ағымдағы жылы 98 пайыздан 99 пайызға дейін артады. Мәселе 2023 жылдың соңына дейін толығымен шешіледі.