Шымкенттің футболшы қыздары кезекті рет чемпион атанды

156

«БИІК-Шымкент” клубының футболшы қыздары кезекті рет жеңіске қол жеткізді. Осылайша шымкенттік арулар ел кубогы сарапқа салынған жарыстарда қатарынан 13 рет жеңімпаз атанып отыр.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, футболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының ойындары мәреге жетті. Дода Шымкент қаласындағы “БИІК” футбол орталығында өтті.

Айналмалы жүйе бойынша өткен жарысты қорытындылаған кездесуде “БИІК-Шымкент” командасы Ақмола облысының “Оқжетпес” клубының аруларымен алаңға шығып, 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Ал төрт кездесудің үшеуінде қарсыластарынан басым болған Түркістан облысының “Томирис-Тұран” командасы болса, жарысты 2-орынмен аяқтады.

“БИІК-Шымкент” клубының бас жаттықтырушысы Александр Семеновтың айтуынша, кубоктық бәсеке кездесулері алдағы кезде өтетін ел чемпионатында және 2023-2024 жылғы УЕФА чемпиондары лигасының ойындарында күш сынайтын команда құрамын анықтауға, олардың дайындығын жан-жақты пысықтауға мүмкіндік берген.

Алдыңғы пост
Биыл Шымкентте 72 мыңға жуық жаңа абонент ауыз сумен қамтамасыз етіледі
Келесі пост
ШҚО-да жеке үй өртеніп, зейнеткер көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu