368
Қазақстанда тіркелген көліктердің саны белгілі болды. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросындағылар ұсынды. 2023 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны – 4 667 989.
Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 82,4% бензинмен жүреді. Аралас отынмен жүретін автомобильдердің үлесі – 7,6%, дизель отынымен – 7,4%, газбен жүретін автомобильдердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1642-ге ұлғайды. Көліктің жалпы санында газ баллоны қойылған автомобильдің үлесі 0,2% құрады. Тағы 1936 немесе көліктің 0,04% электр қуаты көмегімен қозғалады.