228
2024 жылғы 18 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықтың 47 эпизодын жасап, іздеуде жүрген «А» азаматын ұстады деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап күдікті Астана қаласы мен Ақмол ауылында тұрғындарын алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен олардың 90 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.
Қазіргі уақытта аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды.
Жасалған қылмыс үшін күдіктіге мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.