Алматы әуежайы маңында такси жүргізушісі Ресей Федерациясынан келген 30 жастағы жолаушының мазасын алып өз қызметін ұсынған. Шетелдіктің айтуынша, таксист оны Марков көшесінде орналасқан мекенжайға 400 еуроға жеткізген. Ресейлік жігіт Желілік полиция бөліміне шағымданған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік полицейлері «Мерседес-Бенц» автокөлігі және оның иесі Алматы облысының 27 жастағы тұрғынын анықтады. Жауап алу кезінде жас жігіт өзінің кінәсін толық мойындап, шағымданушыға ақшалай қаражатты толық көлемде қайтарды. Жәбірленушінің шағымдары мен талаптары жоқ.
Аталған факт бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігі, яғни қоғамдық орындарда тиісу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Алматы қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен такси жүргізушісіне 21 150 теңге көлемінде айыппұл салынды.