Алматыда такси жүргізушісі шетелдікті 400 еуроға жеткізген

329

Алматы әуежайы маңында такси жүргізушісі Ресей Федерациясынан келген 30 жастағы жолаушының мазасын алып өз қызметін ұсынған.  Шетелдіктің айтуынша, таксист оны Марков көшесінде орналасқан мекенжайға 400 еуроға жеткізген. Ресейлік жігіт Желілік полиция бөліміне шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік полицейлері «Мерседес-Бенц» автокөлігі және оның иесі Алматы облысының 27 жастағы тұрғынын анықтады. Жауап алу кезінде жас жігіт өзінің кінәсін толық мойындап, шағымданушыға ақшалай қаражатты толық көлемде қайтарды. Жәбірленушінің шағымдары мен талаптары жоқ.

Аталған факт бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігі, яғни қоғамдық орындарда тиісу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.  Алматы қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен такси жүргізушісіне 21 150 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алдыңғы пост
Шымкент әуежайының екінші ҰҚЖ ұшақтарды қонуға қабылдай бастағаны белгілі болды
Келесі пост
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Шымкентке 84,8 миллиард теңге инвестиция тартылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu