Жыл сайын Шымкент мектептері “PISA-Based Test for Schools” халықаралық зерттеуіне қатысады

408

Естеріңізге сала кетейік, биыл Шымкенттің білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасы қабылданды.

Өңірдің білім беру жүйесін одан әрі дамытуға және проблемалық мәселелерді нақты шешуге бағытталған бірлескен құжатқа ҚР Білім министрі Ги Бейсембаев пен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қол қойды.

Қала әкімдігі мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты 24 200 орынға ұлғайтуды, 26 мектепке дейінгі ұйымға күрделі жөндеу жүргізуді және қаланың мемлекеттік балабақшаларының материалдық-техникалық базасын 100% жаңартуды жоспарлап отыр. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 7000-нан астам педагогы біліктілікті арттыру курстарынан, ал 1500-ден астам педагог қайта даярлаудан өтеді.

Соңғы үш жылда 81 мектептің ашылуы үш ауысымды және тығыздалған мектептердің санын азайтты. Жол картасын іске асырумен тағы 80 мектепті, оның ішінде “жайлы мектеп”жобасы бойынша 38 мыңға жуық оқушы орындық 25 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, 30 орта білім беру ұйымы кешенді жаңартудан өтеді.

Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда қаланың барлық мемлекеттік мектептері бейнебақылау жүйесімен, дабыл түймелерімен және турникеттермен жабдықталған. Жол картасы аясында мектептерде 2,5 мыңнан астам бейнебақылау жүйесін қосымша сатып алу жоспарлануда, тағы 7000-ы балабақшаларда орнатылады.

Бірқатар іс-шаралар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар санын азайтуға, балаларды қорғау бойынша оқу-жаттығу және психологиялық-консультациялық сабақтарға, сондай-ақ балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Шымкентте екі оқушылар сарайы, үш сауықтыру лагері және алты өнер мектебі салынады. Жол картасындағы үлкен бөлім білім беру сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларға арналған. “Дана бала”, “Shymkent Hub”, “Сапалы білім”, “Сандық мұғалім”төрт түрлі жобаларын іске асыру жоспарланған.

Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық және сыртқы жүйелерін ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс жалғасады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау критерийлері енгізілетін болады. Жыл сайын қала мектептері білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне (МБББ) және “PISA-Based Test for Schools”халықаралық зерттеуіне қатысатын болады.

Алдыңғы пост
Шымкентте запасқа шығарылған әскери қызметшілерді салтанатты түрде қарсы алды
Келесі пост
Шымкентте перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu