Биыл қазақстандықтарға 128,2 млрд теңге әкімшілік айыппұл салынған

Теги: , ,
299

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің орталықтандырылған деректер банкі мәліметтеріне сәйкес 2023 жылдың 8 айында шамамен 6,8 млн әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

5,5 млн құқық бұзушыға 128,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 88,3 млрд теңгесі өндірілген. 4 млн айыппұл алғашқы 7 тәулік ішінде 44,1 млрд теңге сомасына 50% жеңілдікпен төленген.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 68,8%-ды құрады.

Ең көп айыппұл салынғандар:

Алматыда – 16,8 млрд теңге сомасына 1 млн құқық бұзушылық, 12,7 млрд теңге төленді.

Астанада – 12,7 млрд теңге сомасына 800 мың құқық бұзушылық, 8,6 млрд теңге төленді.

Ең аз Павлодар облысында 11,8 млрд теңге сомасына 92 мың айыппұл салынған, оның 11,3 млрд теңгесі төленген.

Барлық әкімшілік құқықбұзушылықтардың 95%-ын ішкі істер органдары анықтаған.

Ішкі істер органдары 5,3 млн құқық бұзушыға шамамен 68,4 млрд теңге көлемінде айыппұл салған, оның ішінде мемлекет бюджетіне 51,7 млрд теңге түскен.

Айыппұлдардың негізгі бөлігін фото-бейнетіркеу камераларымен тіркелген құқық бұзушылықтар құрады. Олар бойынша 38,1 млрд теңге сомасына 3,4 млн астам ұйғарым шығарылды.

Алдыңғы пост
Жетісайда жергілікті тұрғын есірткіні моншасында сақтаған
Келесі пост
Ұлттық ұланның батысында инспекторлық тексеріс басталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu