Шымкенттік дәрігерлер ауыр халдегі жүкті әйел мен сәбиін аман алып қалды

401

Шымкентте дәрігерлер жүкті әйел мен сәбиін аман алып қалды. Ішінде шаранасы бар науқасты аман алып қалу үшін медицина мамандары шұғыл түрде хирургиялық көмек көрсеткен.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 30 апталық жүктілігі бар әйел ауыр жағдайда жедел жәрдем көлігімен қалалық №3  аурухананың перзентхана бөлімшесіне жеткізілген. Науқаста бала жолдасының мезгілінен бұрын ажырау қаупі, геморрагиялық шоктың ауыр жағдайы анықталған.

Жүкті әйелдің жалпы жағдайын ескере отырып, дәрігерлер шұғыл түрде  ота жасау туралы шешім қабылдады. Операция барысында науқастың гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақсыз болып, жүрек соғысы тоқтап қалған. Дер кезінде көрсетілген реанимациялық шаралар нәтижесінде жүрек соғуы қалпына келтіріліп, ота сәтті аяқталды.

Бүгінгі таңда ана мен баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлердің бірлескен командалық жұмысының нәтижесінде ана мен баласының денсаулық жағдайы жақсарып, өз отбасына оралды.

Алдыңғы пост
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Шымкентке 84,8 миллиард теңге инвестиция тартылды
Келесі пост
Бұрын сотты болған ер кісі тағы қылмысқа барған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu