363
Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызбен шағымданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреу үйіне заңсыз кіріп, жатын бөлмесінде тұрған ақша мен алтын жүзігін ұрлаған. Оның арызы ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.
Полицейлер оқиға орнына барып, қажетті жедел-тексеру шараларын жасады. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жетісайлық тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті ер адам алтын мен ақшаны өз пайдасына жаратып жіберген. Сондай-ақ тергеу барысында бұрын қылмыс жасағаны үшін сотты болғаны анықталған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.