Әлеуметтік маңызы бар нысандардың алдына жол кедергілері салынады

382

Шымкентте жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтсақ, өткен жылы тұрғындардан  12 орынға бағдаршамдар қоюға ұсыныс түскен. Жуырда бағдаршамдар орнатылып, іске қосылды. Бұдан бөлек, 450 шақырым қала көшелеріне жол таңбалары сызылды. Көлік жүргізушілері және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатында 4000 жол белгісі орнатылған.

Биыл да жол-көлік қауіпсіздігі назардан тыс қалмақ емес. Қажеттілік туындаған 12 жол бойына бағдаршам орнатылып, 400 шақырым жол таңбаларын сызу жоспарға енген. Сондай-ақ, 800 метр жасанды жол кедергілерін әлеуметтік маңызы бар мекемелердің алдына орнату жұмыстары қолға алынады.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Шапырашты көшесінің қиылысындағы жол айрығының жол таңбалары сызылды.Сонымен қатар, Шымкент қаласы көшелеріне ҚР Жол жүрісі қағидаларының 3.24 (ең жоғарғы жылдамдықты шектеу 40км/сағ) 4 дана, 3.24 (ең жоғарғы жылдамдықты шектеу 20 км/сағ) 4 дана жол белгілері орнатылуда.

Бұдан бөлек, Шымкентте 6 мыңнан астам  «Сергек» бейнебақылау камерасы іске қосылған. Оның ішінде 4 441-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, 1 889-ы жол қауіпсіздігіне бағытталған. Олардың барлығы Полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығы арқылы басқарылады. Аталған камералар жылдамдықтың шектен асырылуын, жол ережесі талаптарын сақтамау, тоқтау сызығын басып өту, бағдаршамның жол жүруге тыйым салатын белгісіне өту секілді жайттарды тіркейді.

Шымкентте «Қауіпсіз қала» акциясы аясында «Автобус» жедел алдын алу рейдтік шарасы да өткізілуде. Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы Көрме орталығында «Қауіпсіздік – 2023» көрмесі өтті. Аталмыш көрмеде  киберқауіпсіздік, бейнебақылау, өртке қарсы қорғаныс және қауіпсіздік жүйелері нарығының ең сұранысқа ие қызметтері ұсынылды.

– Жыл сайын халықтың қауіпсіздікке қызығушылығы артып келеді. Сондықтан біз осы саламен айналысатын, нарықта жүрген компанияларды шақырдық. Осында кәсіпорындардың, тұрғын үйлердің, пәтерлердің қауіпсіздігіне кепілдік беретін заттардың түр-түрін табуға болады. Индустрия бір орында тұрмайды. Нарықта әсіресе, заманауи бейнебақылау, қозғалысты анықтайтын құрылғылар сұранысқа ие. Бұрын бейнебақылау ақ-қара түспен көрсетілсе, қазіргі камералар түрлі-түсті әрі ақылды саналады. Одан бөлек, қазір GPS жүйесімен ғаламтор арқылы әлемнің басқа бір бұрышынан өз объектіңді бақылап отыра аласың. Көрме сала мамандарына тәжірибе алмасуға және өсуге мүмкіндік беретін бизнес дамудың ең тиімді платформасы болып қала береді, – дейді Көрме орталығының директоры Зухра Әмзеқызы.

Алдыңғы пост
«Қалам, су, шоколад». ҰБТ-ға тағы не алып кіруге болады?
Келесі пост
Шымкентте жаңа емхананың құрылысы басталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu