Арзан бағада алтын алмақ болған шымкенттіктер алданып қалды

360

Шымкентте бірнеше тұрғын арзан бағада алтын аламыз деп алаяққа алданып қалды. Белгілі болғандай, Түркістан облысының 39 жастағы тұрғыны өзінің Instagram желісіндегі парақшасында шетелден арзан бағада алтын алып келемін деген желеумен тұтынушыларды қызықтырған. Polisia.kz жазуынша, ол зергерлік бұйымдардың фотосуреттерін және олардың астындағы жалған оң пікірлерді күнделікті жариялау арқылы азаматтардың сеніміне кірген.

Шымкент полициясына осыған ұқсас шағыммен интернет-алаяқтың құрбаны болған үш жергілікті тұрғын арызданды. Зардап шеккендердің айтуынша, алаяқ басқа елден алтын бұйымдардың бір грамын 15 мың теңгеден алып келуге уәде берген. Әйелдердің әрқайсысы бірнеше қымбат зергерлік бұйымдарға тапсырыс беріп, алдын ала төлем жасаған. Біраз уақыттан кейін олар хат алмасып отырған адам олардың байланыс нөмірлерін бұғаттап тастағанын анықтады. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 млн теңгеден асты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті Түркістан облысы аумағынан ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты сотпен ешқайда кетпеу туралы шара қолданылды. Полиция ер адамның алаяқтық әрекетінен зардап шегушілер санының артуы мүмкін екенін алға тартып отыр.

Алдыңғы пост
Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюповқа қатысты тергеу аяқталды
Келесі пост
Қазақстандықтар былтыр мұражайға 6,1 млн рет барған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu