461
Жыл басынан Абай ауданы прокуратурасы енгізген қадағалау актілерінің нәтижесінде кәмелет жасына толмаған 22 971 баланың құқықтары қорғалды. Заңбұзушылыққа жол берген 32 кінәлі адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ведомство дерегінше, білім беру ұяларында сабақ кестелерін бекіту кезінде заңнама талаптары ескерілмей, балалар тынығуға арналған үлкен үзілістердің ұзақтығы 20 минутка шектелген. Ал информатика сыныптарының компьютерлері «қауіпсіз интернет» жүйесіне қосылмай, балалар денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттардан қорғалмағаны анықталған. Сонымен қатар жарамсыз, құрамында сынап бар шамдар білім беру ұйымдарында сақталып келген.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.