475
Шымкенттегі зоологиялық бақта қызыл қасқырлар жұбының бөлтірігі дүниеге келді. Оған «Ракша» есімі берілді.
Бұл лақап аттары Майк пен анасы Чакки атты жыртқыш аңдардың алғашқы бөлтірігі. Оның салмағы небәрі 450 грамм боп туылған.
Зообақтақтағылардың айтуынша, «Ракша» есімі берілген қасқырдың баласын хайуанаттар бағының мамандары арнайы емізікпен қоректендірген. Қазіргі таңда бөлтірік өз бетінше азықтанып, айналасына мән бере бастапты.