Шымкентте порнография таратумен айналысқан топ ұйымдастырушы сотталды

Теги: , ,
364

Шымкентте интернет арқылы порнография таратумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастырушысы сотталды.

Қалалық Полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Талғат Әбуовтің айтуынша, бұл қылмыстық істі тергеу жұмыстары Қылмыстық кодекстің бес бабына сәйкес 9 айдан астам уақыт бойы жүргізілді. Оларға тоқталсақ:  кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді дайындауға тарту, ұйымдасқан топты құру және басқару, порнографиялық материалдарды заңсыз тарату және кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және олардың айналымы немесе порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуы.

Polisia.kz жазуынша, тергеушілер істі өткен жылдың мамыр айында  айыптау қорытындысымен бірге сотқа жіберді. Сот іс материалдарын бір жылға жуық зерделеп, қылмыстық іске нүкте қойды. Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі, Қырғызстанның 25 жастағы азаматы Әлішер Шаршеналиев қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды және топтың өзге мүшелері 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, 2021 жылдың шілдесінде криминалдық полицияның жедел уәкілдері әлеуметтік желіге жүргізген мониторинг барысында онлайн трансляция жасайтын порностудияны анықтаған болатын. Полицейлер жарты жыл ішінде барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде тергеушілер Алматы, Астана және Шымкент қалаларының тұрғындарының ізіне түсті. Оның ішінде Қырғызстанның 5 және Қазақстанның 5 азаматы бар.

Тәртіп сақшыларды оларды үш мегаполистегі жалдамалы пәтерлерде ұстады. Тінту кезінде күдіктілерден 44 мың АҚШ доллары және Алматыдағы жылжымайтын мүлік пен есірткі тәркіленді. Ірі қалалардағы жалдамалы пәтерлерде жабдықталған 10-нан астам веб-порностудиялар бар екені анықталды. Онда 50-ге жуық қыз жұмыс істеген, оның екеуі кәмелетке толмаған.

«Бұл онлайн режимде жұмыс істеген Қазақстандағы порностудияны анықтаудың алғашқы жағдайы екенін атап өткім келеді. Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеушілер куәгер ретінде 50-ден астам адамнан жауап алды. Қылмыстық топ өздерінің бұл  әрекеттеріне қашықтан ағылшын тілінен орыс тіліне аудармашы-операторларды тартқан. Өйткені аталған веб-порностудияның аудиториясы негізінен шетел азаматтары болған және қызмет ақысын шетел валютасымен төлеген, – деді Талғат Әбуов.

Қылмыстық топтың барлық мүшелері белгілі бір тәртіпке сай әрекет еткен. Негізінен жоғары жалақыны уәде етіп, тұрмысы төмен отбасынан шыққан келбеті сүйкімді қыздар жұмысқа қабылданған. Әрбір қыз белгілі бір қатаң ережелерге бағынған. Кез келген заңбұзушылық үшін үлкен айыппұлдар төлеген. Нәтижесінде тергеу тобы қылмыстық істің 167 томын жинады, оның әр томы 186 беттен тұрды. Яғни, көп томдық іс жалпы 31 мыңнан астам бетті құрады.

Алдыңғы пост
Шымкентте туристер жиі баратын орын белгілі болды
Келесі пост
Ұландықтар мемлекеттің тілдің мәртебесін көтерді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu