Ұландықтар мемлекеттің тілдің мәртебесін көтерді

253

Осы жылы 23-24 мамырда қазақылықтың қаймағы бұзылмаған ұлттық дәстүр-салтымызды ұлықтайтын еліміздің шырайлы өлкелерінің бірі – Шымкент шаһарында Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерінің жергілікті ұлт емес ұлт өкілдері мен мемлекеттік тілдің мамандары бас қосты.  Ондағы мақсат – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жұмыстарының сапасы мен тиіміділігін арттыру, мемлекеттік тілді енгізу мәселелерімен айналысатын мамандардың кәсіби деңгейін жоғарылату, ғылыми салада жүрген оқытушылармен тәжірибе алмасу және әскери бөлімдер арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау мен дамытуға жағдай жасау болды.

Аталған оқу-әдістемелік жиынның алғашқы күні 10 әскери бөлімнен келген өзге ұлт өкілдері болатын әскери қызметшілер «Мемлекеттік тіл менің тілім!» байқау сайысының 2 кезеңінде бақ сынады. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге  арналған сайысқа тас-түйін, сақадай сай дайындықпен келген орыс, азербайжан, татар, ұйғыр ұлттарының өкілдері 3 ереже бойынша бақ сынасты. Сайысқа Ұлттық ұланның тәрбие және әлеуметтік-құқытық жұмыстар бас басқармасының отставкадағы подполковнигі тілімізді оқытудың қас шебері, нағыз тіл жанашыры Рыспаева Ботагөз Тайшыбекқызы мен қатар Шымкент қаласы бойынша тілдерді оқыту басқармасының бастығы Гүлмира Жанысбекова сынды мамандар төрелік етті.

Алдымен өздерін таныстыру бойынша өнер көрсеткен жауынгерлердің ішінде 5513 әскери бөлімінің жауынгері кіші сержант Фазаиров Камран, 6506 әскери бөлімінің жауынгері кіші сержант Калашников Артем және  3650 әскери бөлімінің жауынгері ефрейтор Сейт Пархат оқ бойы озып шықты. Халық даналығының қазына байлығы, ұрпақттан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ауыз әдебиетінің бір бөлігі мақал-мәтел айтудан ешбір сайыскер қалыс қалмады, әртүрлі тақырыпта сөз мәйегін  көңілден шығып жеткізе білді. Ал сайыстың үшінші ережесі бойынша сахналық көрініс немесе мәнерлеп өлең оқудан 6698 әскери бөлімінің аға маманы сержант Мустафаев Нураддин қазақ тарихында атақты тұлғалардың бірі, Алаш партиясының негізін қалаушы, қазақ зиялыларының өкілі Алихан Бөкейхановтың ролін үздік сомдап алғашқы қатарға шықса, 5572 әскери бөлімінің жауынгері ефрейтор Канашевич Кирилл Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін нақышына келтіріп оқып,  көрерменнің ғана емес әділқазы алқасының да жоғары бағасына ие болды. Ал қазақ поэзиясында орны бөлек дара, мұзбалақ ақын Мұқағалидың жарқын бейнесін ерекше ұсынған 3660 әскери бөлімінің маманы сержант Кочерген Антон көрерменді тәнті етті.

Сайыс қорытындысы бойынша 3-ші орынды 6698 және 6506 әскери бөлімдерінің мамандары сержант Мустафаев Нураддин мен кіші сержант Калашников Артем иеленсе, 2-ші орынды 3660 әскери бөлімінің жауынгері сержант Кочерген Антон қанжығасына байлады. Ал көптің көңілінен шыққан 5572 әскери бөлімінің аға маманы ефрейтор Канашевич Кирилл 1 орынды жеңіп шықты. Енді бұл жеңімпаз мемлекеттің тіл сайысының Ұлттық ұлан бойынша өтетін бәйгесінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықытың намысын қорғайтын болады.

Ауқымды жиынның екінші күні тіл мамандарының сайысымен жалғасты. Алдын-ала бекітіліп берілген тақырыптар бойынша ашық сабақтар өткізген тіл мамандары, бар білімдерін ғана емес, біліктіліктерін де ортаға салды, оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерімен бөлісті, өзара тәжірибе алмасты. Сайыс барысында салмақты ойлар, орынды сындар мен батыл пікірлер айтылды. Нәтижесінде «Үздік маман» болып 3650 әскери бөлімінің тіл маманы сержант Хусайнова Жанна Жұмабекқызы танылды.

Ұлттық ұлан бойынша тіліміздің мәртебесін көтеруге арналған байқау-сайыстың 3 кезеңі осы жылдың қыркүйек айында жалғасын табатын болады. Ал біз сайыстың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

Алдыңғы пост
Шымкентте порнография таратумен айналысқан топ ұйымдастырушы сотталды
Келесі пост
Антикор полиция генерал-майорына қатысты тергеуді аяқтады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu