Шымкентте наркокурьер 10 жылға сотталды

Теги: , ,
378

Шымкентте есірткі таратумен айналысқан курьер 10 жылға сотталды.

Ол өткен жылдың қыркүйек айында жедел іс-шараларды өткізу барысында мегаполис орталығындағы көшелердің бірінде  ұсталған болатын. BMW-520 автокөлігін тізгіндеген 26 жастағы жігітті тінту кезінде жедел уәкілдер автокөліктің салонынан 100 дана оралған психотроптық заттард, оның тұрғылықты жері бойынша қосымша 18 дана синтетикалық есірткі орамасы тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Әл-Фараби АПБ қызметкерлері ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес жүргізді.

Polisia.kz жазуынша, тергеушілер жас жігіттің бұрын сотты болғанын және бостандықты шектеу жазасын өтеп жатқанын анықтады. Күдікті Telegram арнасы арқылы нұсқау алғанын мойындады. Одан кейін белгіленген орында синтетикалық есірткіні алып, дозаларға бөліп, жасырын орындарға қойған. Қызмет ақысын интернет арқылы белгісіз біреуден ақшалай алып отырған. Сондай-ақ тергеушілер курьер жасырып үлгерген екі орыннан 30 орама есірткі тапты. Кейін сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттардың барлығы синтетикалық есірткі болып шықты. Тергеушілер жинақталған іс-құжаттарды айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды. Жас жігіт алдағы 10 жылын темір торда өткізеді. Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент полициясы есірткі заттарын өткізудің 20 жайтын анықтады, 16 есірткі курьері, ораушылар мен көтерме саудагерлер тергеліп жатыр.

Алдыңғы пост
Шымкентте саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды
Келесі пост
Бүгін 3,7 млн-нан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu