Бүгін 3,7 млн-нан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Теги: , ,
358

Бүгін Қазақстанда 3 млн 700 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтап жатыр. Оның 172 мыңы 11 сынып бітірді. Түлектердің 6 мың 800-і «Алтын белгі» үміткерлері. Ал 9-шы сыныпты 288 мыңнан астам түлек аяқтады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 1-10 сыныптар аралығындағы балардың 85,3% жазғы демалыс және сауықтырумен қамтылатын болады. Бұл – ел бойынша 2 млн 800 мың бала. Оның ішінде 500 мың жекелеген санаттағы отбасы балалары бар.

Балалар демалысын ұйымдастыру үшін 218 қала сыртындағы  және 10 200 мектеп жанындағы, профилдік,  шатырлы лагерьлер жұмыс жасайтын болады. Сонымен қатар «Этноауыл», «Жаздық жолдама» жобалары іске асырылады. Жетекші университеттер жанындағы жазғы және олимпиадалық резерв мектептері жұмыс жасайды.

Жазғы демалыста 1 млн 400 мың бала үшін қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелер ашылады. Ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы 11 мың үйірме балаларды қабылдайды. Сондай-ақ балалар «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде көгалдандырумен шұғылданады. Еліміздің киелі жерлеріне саяхаттап, спорттық жаттықтыру жиындарында шынығады, тілдік курстарға қатыса алады.

Алдыңғы пост
Шымкентте наркокурьер 10 жылға сотталды
Келесі пост
Шымкентте қойма шатыры жанып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu