382
Алматыда полиция қызметкері өз әріптесін атып тастады. ІІМ Telegram-каналының жазуынша, бұл 5 маусымда абайсызда болған қанды оқиға. Оқ жарақатын алған тәртіп сақшысы оқиға орнында көз жұмған.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Бейресми ақпараттарға сенсек, 28 жастағы сержант пен оның әріптесі арасында ешқандай жанжал болмаған. Оқиға олар тамақтанатын бөлмеде отырған кезде болған.