457
Шымкентте қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, күзет агенттігінің қызметкерлеріне оқ жаудырған шетелдік сотталды.
Қалалық соттың мәліметінше, 49 жастағы Өзбекстан азаматы 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге салсақ, жұрттың жағасын ұстатқан оқиға 20 ақпанда болған. Ер кісі Ілияев пен Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған. Дүкен сатушысы «дабыл» түймесін басып үлгерген. Оқиға орнына күзет агенттігінің қызметкерлері жетіп, шабуылдаушы мен олардың арасында атыс болды.
Шетелдік азамат Шымкентте пәтер жалдап тұрған. Қару-жарақ дүкенінен қару алып, банк тонамақ болған екен.